June 2019

Month

28-маусым күні Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлері күні тойланады! Yessenov University басшылығы облыс журналистерімен кездесу өткізіп, оларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Еңселі білім ордамыз Yessenov University туралы жазған мақалаларыңыз бен жағымды жаңалықтарыңызды халыққа тұрақты және тез арада жеткізгеніңізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сізге шығармашылық шабыттың шарықтауын, еңбекте табысқа жетуге...
Read More
Yessеnov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов пен «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінің директоры Раушан Емельяновна Хамитова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келіссөздер барысында тараптар туризм және қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті. Осы өзара іс-қимыл шеңберінде «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» жаңа дуалды білім беру бағдарламасы...
Read More
Yessenov University-дің көпсалалы колледжі 2019-2020 оқу жылына күндізгі бөлімге, сырттай бөлімге және қашықтан оқыту бөліміне білім алушылар қабылдайды. Колледж оқытудың инновациялық технологияларын, соның ішінде электрондық құралдарды, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып білім беруде. Колледжде білім алушылар үшін хореографиялық, вокалдық және домбыра үйірмелері, спорттық секциялар жұмыс жасайды. Оқу орны қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықталған: жатақхана, интернет-кітапхана,...
Read More
Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты Yessenov University қызметкерлері бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударады. Бұл Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ортақ трагедия. #БізАрыспенБергеміз #АрысМыСтобой #yessenovuniversity
Read More
«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тіл – құрал» оқу орталығының «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережелері бойынша білімдер жүйесін меңгертетін тренерлер курсын» бітіріп, латын әліпбиін үйрету бойынша тренерлік куәлікке ие болды. Курста латын негізді жаңа қазақ әліпбиін, жазу емлесін құрастырушы авторлар профессор Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, О.Жұбаева және т.б. білікті...
Read More
Yessenov University мен «CASPI BITUM» ЖШС арасында қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында зауыт аумағында ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. «CASPI BITUM» ЖШС атынан бас директор Қожабаев Ерболат Өмірсерікұлы, өндіріс жөніндегі орынбасары Жанғабылов Рахымжан Жадықбайұлы, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Оспанов Ғабиден Бақытұлы , бас технолог Мұқанов Талғат Дүйсенбиұлы, кадр бөлімінің бастығы Байпақов Әбілқайыр Жаңаұлы қатысты....
Read More
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Yessenov University Үздіксіз білім институты “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кәсіптері бойынша білім беру ұйымдарының тізіміне кірді. “Атамекен” ҰКП тізіміне кіру серіктестерге сапалы білім беру қызметін ұсынуда жоғары бедел мен кепілдік береді! Сізді Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында келесі 20 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстарға тегін оқуға шақырамыз. Курстардан өту үшін...
Read More
Құрметті студенттер, 1.07.2019ж.-14.07.2019ж. аралығында АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Румыния және Болгария елдерінен жаттықтырушылар тартылып, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдыларын дамытудың шетелдік тәжірибелерін,  сонымен катар кәсіби ағылшын, латын, корей тілдер курстарын өткізу мақсатында Yessenov Summer School 2019 жазғы мектебіне тіркеу  басталғандығын хабарлаймыз. Yessenov Summer School 2019 жазғы мектебінде аталған курстар өткізілуімен қатар киелі Маңғыстау өңіріндегі ашық аспан...
Read More
14-маусым күні Yessenov University түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті! Қазақстанда диплом алған жоғары білікті мамандар саны артты. 400-ге жуық бакалавр бөлімінің студенттері Yessenov University бітіргені туралы диплом алды. Оның 30-ы оқуды үздік бітірді. Құрметті түлектер! Yessenov University сіздерді университеттің табысты аяқталуымен шын жүректен  құттықтаймыз! Әр қайсысыңызға осындай табандылықпен өмір бойы алға жылжу, істерде табысқа жету,...
Read More
Yessenov University-ге арнайы іс-сапармен Ресей Федерациясының Дагестан Республикасы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара бөлімінің бастығы, генерал-лейтенант А.Н.Буенов бастаған делегация келді. Сапар барысында қонақтар университеттің білім беру базасын тамашалап, оқу бағдарламасымен танысты. Делегация басшысы Теңіз академиясының Құрметті қонақтар кітабына оқу орнының өркендеуіне және дамуына тілектестігін білдіріп, жазбаларын енгізді.  
Read More
1 2 3

Recent Comments