Шекара қызметінің өкілдерімен кездесу

Yessenov University Теңіз академиясында Маңғыстау облысы бойынша өңірлік Жағалау күзеті Басқармасы Шекара қызметінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу өтті.

Жағалау күзеті аймақтық басқармасының Шекара қызметінің өкілдері студенттерге шекаралық бөлімдерге жұмысқа орналасу тәртібі, жеңілдіктер, жалақы, әскери қызмет өткеру және Теңіз академиясының қажетті мамандықтары жөнінде ақпарат берді.

Академия студенттері жұмысқа орналастырудың барлық аспектілері бойынша сұрақтар қойып, оларға білікті жауаптар алды.

Кездесу қорытындысы бойынша әскери кафедрада оқитын академия студенттері ҚР Қарулы күштері мен Шекара қызметі қатарында қызмет етуге ниет білдірді.