Достық үйінде «Қоғамға қызмет» жобасының алғашқы нәтижелерімен таныстыру шарасы өтті. Шараға кәсіпкерлер, меценаттар, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Yessenov University-де 2018-19 оқу жылында қоғамда ықыластылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қамтитын «Қоғамға қызмет» (Service learning) пәні 1-курс студенттерінің оқу жоспарына енгізілген. Семестр қорытындысы бойынша жоба жақсы нәтижелерге жетіп, ҮЕҰ «Эко Мангистау», «Мейирим», «Арда» және т.б. әлеуметтік мекелемелермен  бірлескен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарт адамдарға, девиантты мінез-құлықты балаларға  арналған қайырымдылық акциялар өткізіліп 52 әлеуметтік жоба іске асырылды. Оған 583 студент  қатысып, еріктілер ұйымына тартылды.

Презентация барысында университет пен облысымыздың кәсіпкерлері арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.