«Қазақстан Халқы Ассамблеясының» кафедрасының оқытушылары И.В. Бисингалиева және А.Б. Толепбергенованың ұйымдастыруымен  “Махаббат әлемі” атты студенттер арасында  поэзиялық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты:  студенттерге адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір- біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру. Студенттер әртүрлі тақырыпта өз өлеңдерін оқыды. Іс шараның соңында студенттерге тренинг өткізілді.