25 Ақпан 2019

Интеллектуалды сайыс

«Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономика», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттері арасында «Үздік кәсіпкер-2019» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын төрт кезеңнен құралды: жобаларды презентациялау, команданы таныстыру, сұрақтарға жауап беру, есептер шығару, көрермендердің тапсырмалары. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын – «Топ – менеджер» тобы;
2 орын – «Миллиардер» тобы;
3 орын – «Экономист» тобы.