31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Жүз мыңға жуық қазақстандық зардап шекті, олардың 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз сотталғандардың қатарында Маңғыстаудың белгілі қайраткерлері Тобанияз Әлниязов пен Жалау Мыңбаев болды.
Олар саботажда, шпионажда шет мемлекеттердің пайдасына, антисоветтік үгіт және насихаттау, ұлтшылдық және зиянкестік бойынша айыптады. Оның барлығы жалған болды. 
Қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысқандардың барлығы қудалауға ұшырады. 
Тарихымызға өшпес із қалдырған бұл жылдардың көрінісін ұмытпауымыз керек.
Біз жазықсыз қаза тапқандардың жадына бас иіп, оларды әрдайым есте сақтаймыз. 
Тәуелсіз Қазақстанда бірлік пен береке орнасын!

Келесі нені оқу керек: