1 ақпан күні Yessenov University «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушы құрамы мен жұмыс берушілер «Білім саласын модернизациялау: ЖОО мен жұмыс берушілердің жаңа білім бағдарламаларын әзірлеудегі өзара іс әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты — түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілігіне деген талапты нақтылауға және еңбек нарығы мен университеттің мүмкіншіліктерін ескере отыра, оқу жоспарларын жасақтауға мүмкіндік беретін жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағытындағы бірлескен қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Маңғыстау облыстық соты, Маңғыстау облыстық прокуратура оқыту орталығы, ҚР ІІМ Ақтау қаласы оқу орталығы, Ақтау қаласы әділет басқармасы, Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы бойынша қазақстандық халықаралық бюроның Маңғыстау филиалы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Маңғыстау индустриалды палатасы», «Өзенмұнайгаз» АҚ, «АТФ Банк» АҚ МФ, «ВТБ Банк Қазақстан» АҚ МО, «Айтемир» ЖШС, «Спектрум» ЖШС, «КазкоммерцLife» АҚ МФ және «TERMINALEX» ЖШС өкілдері аталған салада орын алып жатқан мәселелерді шешуде университетпен бірлесе отырып шешуге дайын екендіктерін айтып, университет басшылығына алғысын білдірді.