Тыныштық Базарбаевпен интервью

Share on social networks

Құрметті достар!

Yessenov University 45-жылдық мерейтойына орай, оқу ордасын өзімен байланыстыратын, бей-жай қарамайтын, естеліктері мен тілектері бар азаматтардың жүрекжарды құттықтаулары бүгіннен бастап #YU45congratulations хэштегімен жарияланатын болады.

Алғашқы болып – өңіріміздің мұнайшы ардагері, университеттің қалыптасуын, бұдан бұрынғы басшыларын көзбен көріп, жалпытехникалық факультеттің оқу базасын жабдықтауға ат салысқан Базарбаев Тыныштық ақсақал ақ батасымен бастап берді.