Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде 7M04201 – Құқық магистратура кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тексеріліп, арнайы комиссия аталған білім бағдарламаларына лицензия беру туралы өзінің оң шешімін қабылдады.
7M04201 – Құқық білім беру бағдарламасы саласында терең кәсіби дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі бойынша кадрлар даярлау үшін әзірленген магистратура ашылды.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіби өсу мен жеке дамуға ұмтылатын ғылыми-зерттеу дағдылары бар, құқықтану саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
7M04201 Құқық білім беру бағдарламасының өзектілігі қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу орталықтарында, басқару органдарында және білім беру мекемелерінде ғылыми кадрлар тапшылығы проблемасының болуынан туындап отыр. Демек бұл мамандар қажет және ұдайы сұранысқа ие.