Педагогика және психология

2022 жылдың 20 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Педагогика және психология» БББ бойынша өткен Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы болып Yessenov university «Педагогика және психология» кафедрасынан қатысқан «Инсайт» тобы (жетекшісі – PhD докторы Жамиля Бақытжанқызы Ахметова) танылды. Осылайша, жүлделі 1 орынға ие болғандықтан, «Педагогика және психология» БББ бойынша келесі олимпиаданы өткізу құрметіне Есенов университеті ие болды. «Инсайт» тобының құрамындағы біздің мақтаныштарымыз:
1. Тоғжанова Динара Ақжігітқызы – 2 курс;
2. Джумабаева Арайлым Бегсултановна – 3 курс;
3. Сансызбай Айгерим Талғатқызы – 3 курс студенттері.
Жеңіс құтты болсын!