Парасат жолы

Spread the love

Бүгін 19 наурыз 2021 жылы Yessenov University — де «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды. Орталық облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агентігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Қ.Б. Мырзағали, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д. Үсіпбаев және Yessenov University профессорлық-оқытушылық құрамы өкілдері қатысты.

Жиынды кіріспе сөзімен ашқан Yessenov University-нің президенті Б.Б.Ахметов жаңа жобаның ашылу салтанатымен құттықтады.

Аталған жоба қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, халықтың әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарын пайдалана отырып парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.

Шара соңында республика көлемінде өтіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шара қонағы «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы Сәдібек Түгел ағамыз жеңіске жеткен топқа «Адалдық» кубогын табыстады.