Үстірт демалыс орны

Үстірт қабаты бас ғимаратымыздың 7-ші қабатында орналасқан. Оқытушылар мен білімалушылар үшін демалыс, еркін әңгімелесу, кездесулер өткізуге арналған қолайлы орын.
Үстірт деп аталу себебі – Маңғыстау өлкесінің оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай 600 шақырымға жуық, ені 400 километрлік синкринальді ойысқа немесе миллиондаған жылдар бұрынғы Сармат теңізінің табанына биіктігі 300-350 метр болып шөккен арал сынды бұл сазды әк құм тас жыныстарының шөгіндісі. Мұнда күллі әлемді таң қалдыратын «Үстірт жебелері» деп аталатын ғылым ғажабы бар. БозЖыра және Шерқала атты шағын конференц залдарымыз орналасқан.