? Құрметті отандастар!

Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен де қимай қоштасып жатырмыз. Барлық жақсылықтарға үндейтін қасиетті айда ниет етіп ораза тұтқан барша жанның жасаған құлшылықтары мен тілеген тілектері қабыл болсын деймін.

Қадірлі достар!

Бұл айдың аяқталуы мұсылман жұртшылық үшін маңызды мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі — Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!

Соңғы уақыттары орын алған қиын кезеңде Рамазан айы бізді сабырлыққа, төзімділікке, кез келген қиындыққа оң көзбен қарап, оның жақсы жағын көруге болатынын үйретті. Қиындық та, қуаныш та тек Жаратушыдан екенін түсіндірді. Осы қасиеттерді бойымызға сіңдіру керек екені де рас.

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!