«Маңғыстау экспедициясы» аясында Маңғыстау тарихына «Жыңғылды катакомбасы» деген атпен енген ежелгі қабірлеу орнына алғашқы археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Танымал археолог А.Астафьевтің айтуынша, бұл кешенді жерлеу орны шамамен біздің заманымыздың 3-4 ғасырына тиісті болса керек. Қазіргі таңда 8 қабір ашылып, онда 13 адам жерленгені белгілі болды. Адам сүйектерінің жанынан құмыра, пышақ, қойдың жіліктері және моншақтар табылған.
Экспедиция мүшелері, университет оқытушылары профессор Б.Нұрдәулетова, доцент Ш.Сапарбайқызы қазба орнында болды. Б.Нұрдәулетова алдағы зерттеу, барлау жұмыстарының бағыттары туралы «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.