In accordance with the calendar plan, a thermodynamic and derivatographic analysis of the reaction of calcium and magnesium carbonates with ammonium sulfate was carried out. The analysis of the properties of double sulfate hexahydrate – magnesium ammonium disulfate, which begins to lose hydrate water above 70 ° C, which can have a significant positive effect in terms of moisture retention and play the role of drip irrigation in arid climates and supply plants with the necessary components. In this direction, it would be interesting to study the effect of multicomponent ammonium sulfate fertilizers. It is also of interest to study similar ammonium bicarbonate compounds, which may be products of the interaction of ammonium carbonates and sulfates. The conducted research, taking into account the data of the literary analysis, provides a basis for concluding that it is advisable to continue the research in this direction based on the results obtained.
According to the calendar plan for 2024 for the project, the order of experimental work was discussed and agreed:
Experimental parameters for granulation of ammonium bisulfate were determined and preliminary experiments were carried out, by changing the pH of the medium, granules were obtained. Their analysis is carried out in the Kazazot laboratory.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жж. гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын АР19677917 «”ҚазАзот” АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобасының зерттеу тобы 2-ші жылдықтағы (2024 жыл) күнтізбелік жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстарды талқылап, жасақталу қажет шаралар мен міндеттер тізбегін нақтылады. Зерттеу тобының бұл отырысы ғылыми жобаның зерттеу нысаны болып табылатын «ҚазАзот» АҚ өтті. Отырыс барысында түйіршікті аммоний сульфатын алу, технологиялық параметрлерді нақтылау, аммоний сульфатын қатыратын қоспалар түрлерін және қос тұздарын алуда қолданылатын шикізаттар көздерін анықтау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Атқарылатын жұмыстар легі анықталғаннан соң, зерттеу тобының мүшелері аммоний сульфатын іске қосу шарасына қатысты. Содан соң, аммоний сульфаты өндірісінің тізбегімен жете танысып, технологиялық параметрлерді жетілдіру бойынша өндірістегі мамандармен пікір алмасты. Аммоний сульфатыны алу технологиясымен танысып, технологияллық процестердегі жетілдіруді қажет ететін параметрлер анықталды. Олар түйіршікті аммоний сульфатын алу процесін оңтайландыру, және кешенді тұздар алуды қандай материалдар қолдануға болатынын талқыланды.
Алматы қаласында жеке кәсіпкермен келісімшарт негізінде жинақталып жатқан реактор кристаллизатор, гранулятордың дайындалу барысымен танысып, тексеріп, қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Жоба негізінде “Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы зерттеу тобының мүшелерімен бірлесіп, келісілген түрде аммоний бисульфатының қос тұздарын синтездеу жүргізілді (9 проба). Синтезделген тұздар термогравиметриялық, РФА талдау жүргізу үшін келісімшарт негізінде “Global Save Pharma” ЖШС-ке жіберілді.
ҚР ҒЖБ министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша ҰҒК отырысы хаттамасының шешімімімен «Экология және геология» кафедрасының профессоры Серикбаева Ақмарал Қабылбековнаның ««ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жобасы ұтқан еді. Осы жобаның бас ғылыми қызметкері техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» конденсирленген қалдықтарды кешенді пайдаланудың физика-химиялық зертханасының меңгерушісі Жұмашев Қалқаман Жұмашұлы іс сапарға келді. Іс сапар барысында зерттеу тобымен календарлық жоспарға сәйкес жасалатын зерттеу жұмыстары жөнінде кеңес өткізілді. Жұмыс барысында зерттеу тобы «ҚазАзот» АҚ зауытында болып бірге жасалатын жұмыстардың бағдарламасы жасақталды.
Жалпы елімізде ғылымды қаржыландыру жүйесі Қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілетін және елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресіне қосқан үлесін арттыруға бағытталады. Минералды тыңайтқыштар өндірісі Қазақстанның химия өнеркәсібінде ең жоғары сұранысқа ие болып қала береді. Өзбекстан мен Ресей тарапынан қалыптасқан бәсекелестік арасында оның өндірісін жақсарту үшін қолданылатын тыңайтқыштар номенклатурасын кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту ғана емес, сонымен қатар осы жобаның міндеттерінде перспективалы технологияларды әзірлеу және енгізу көзделген. Сондықтан бұл жобада классикалық әдісті жетілдіру және аммоний сульфаты түйіршіктерін алу, сондай-ақ аммоний қос сульфаттарын алу арқылы өнімнің ассортименті мен қолдану аясын кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.
Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруда AP19677917 “ҚазАзот” АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» жобасы шеңберіндегі жұмыстар өз нәтижесін береді деп күтеміз.