“Экология және химиялық инжиниринг” кафедрасы бойынша “Жас эколог” студенттік клубының мүшелері мен “Органикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығының студенттері және аға оқытушылар Г. Т. Мустапаева, А. М. Айтимова, А.Н. Боранбаева, У.К. Еңсегенова, ҚБ «ЭкоМаңғыстау» ұйымдастырған, “Күзгі тазалау – 2018” экологиялық акциясына қатысты. “Зеленое лидерство 2.0” жобасы аясында өткізілген сенбілік Маңғыстау облысының көркем аймағы Самал тау шатқалында өтті.
Сенбілік өте қызықты, көңілді, студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Қатысушылар табиғаттан бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ляззат шапағатын ұялатып қана қоймай, оны аялау, қорғау біздің борышымыз деген сезіммен оралды. Өйткені, табиғат – біздің мекеніміз, сондықтан біз оны аялап қана қоймай, қиянат жасамай, қамқорлықпен тазалықта ұстаумыз қажет!