«Бизнес және құқық» факультеті «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай кафедра студенттеріне «Жұлдыздар тоғысқанда» атты бейнефильм көрсетілді.
Шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Президентіміздің алатын рөлі. Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы тарихи оқиғалармен таныстыру, Қазақстандық патриотизмге, халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.