Еуропалық одақ комиссиясы Эразмус+ бағдарламасы бойынша бірлескен өтініш беру және бағдарламаның мүмкіндіктерін түсіндіруде серіктестік орнатуға мүмкіншіліктер қарастыру мақсатында байланыс семинарын ұйымдастырды. Іс-шара 2018 жылдың 8-9 қазан айында Стамбул қаласында (Түркия) өтті. Аталмыш іс-шараға Yessenov University атынан ректор Берік Бахытжанұлы Ахметов және ғылыми жұмыс және интернационализация жөніндегі проректор Ермек Талантұлы Нұрмағанбет қатысты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты — табысты ұсыныстар санын және Эразмус+ бағдарламасы негізіндегі алдағы ұсыныс конкурсына әріптестікті нығайтудағы нақты желілік мүмкіндіктерді ұлғайту.
Байланыс семинары жоғарғы білім саласындағы Халықаралық кредиттік ұтқырлық және әлеуетті арттыруға ерекше назар аудара отырып, Эразмус+ бағдарламасының халықаралық іс-шараларын қамтыды. Семинар барысында оқыту нәтижелерін тану, ұсыныс нысандарын, серіктестерді таңдау мен қолдауға арналған бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Семинарға Еуропа және Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан), сондай-ақ Ауғанстан және Ресей жоғары оқу орындарының 250-ден астам өкілдері қатысты.
Ыстамбұлда өткен байланыс семинарының қорытындысы бойынша Yessenov University Эразмус+ бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, серіктестік орнатуда нақты желілік байланыстар орнатты.