14 қаңтар күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің «Құқықтану», «Менеджмент», «Экономика» және «Қаржы» кафедралары меңгерушілері және факультет деканы студенттермен онлайн форматында кездесу өткізді. Негізгі қарастырылған сұрақ -2-ші семестрде оқу процессін ұйымдастыру мәселелері. Студенттерге пандемия жағдайында оқу процессін ұйымдастыру бойынша толық ақпараттар берілді.
Студенттер тарапынан жатақханаға орналасу тәртібі, шетел азаматтарына қатысты, пандемия жағдайында университет ғимаратында жүріп-тұру ерекшеліктері туралы және т.б.сұрақтар қойылды.