23 қыркүйек күні Студенттік істер және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Ержан Тайбағарұлы волонтерлікті да¬мыту, студенттерді бұл іске көптеп тарту мақсатында және 40 адамнан тұратын нақты еріктілер тобын құру үшін студенттермен кездесті.
Кездесу барысында университет вице-президенті өз еркімен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқысы келетін жастарды университет тарапынан ынталандыру, құрылған топты он-оннан қызығушылықтарына орай бөлу жөнінде өз ұсынысын айтты.