5 ақпан күні Yessenov University басшылығы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту міндеттері бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Nazarbayev University-де іс-сапарда болды. Іс-сапардың негізгі мақсаты – Nazarbayev University оқу және ғылыми-зерттеу салаларындағы жаңа озық технологиялар мен үздік тәжірибелерді алмасу бағыты бойынша тікелей ынтымақтастық орнату. Жоспарланған бағдарлама бойынша
Nazarbayev University студенттер жұмысы мен халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президенті Қадиша Даировамен және университет ғалымдарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Назарбаев Университетінің стратегиялық мақсаттары мен жұмыс жасау принциптері, адам ресурстарын басқару және университеттің құзыреттілік моделі туралы баяндап, тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар, Yessenov University өкілдері Nazarbayev University бірқатар ғылыми-зерттеу зертханаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесуді қорытындылай келе бір топ ғалымдардың қатысуымен төмендегідей ұсыныстар талқыланды:
Білім беру бағдарламаларымен алмасу;
Магистратура мамандықтарына модуль бойынша пәндерден дәріс оқуға профессорларды шақыру;
Магистранттар мен докторанттарды ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберу;
Ағылшын тілі бойынша шеберлік бағдарламаларына тілдік деңгейі жоғары білім алушылар мен ПОҚ жіберу;
Ғалымдарды ғылыми жобаларға қатыстыру;
Инфраструктура бойынша озық тәжірибелермен алмасу және т.б.