YESSENOV UNIVERSITY – кәсіпкерлік және әлеуметтік жауапты университет деп өзін позициялайды. Біздің университеттің ең басты құндылықтарының бірі: Ашықтық, Ықыластылық. Креативтілік, яғни қоғамдық жауапкершілік, қоғамға қызмет ету болып саналады. Сондықтан 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып Университетіміздің оқу бағдарламасына енгізілген болатын.
«Қоғамға қызмет» пәнінің негізгі мақсаты студенттердің қоғамның нақты мәселелерін шешуге ұсыныс қосу арқылы белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға және жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруге, тиімді коммуникацияның психологиялық негіздерін түсінуге, сыни ойлауға бағытталады.