2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Орыс филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдер апталығы» аясында «Тіл – достық құралы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға тілдің достық пен ынтымақтастық орнатудағы маңыздылығын, тілдің білім алу, ынтымақтастық қарым-қатынастар жасау үшін қажеттілігін түсіндіру.