2018 жылы 13 маусымда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да «Теңіз кадрларын дайындаудың дамуы мен келешегі» жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК АҚ, Ұлттық теңіз сауда флоты «Қазтеңізкөлікфлоты», «Generative Investment» ЖШС, ҚР ҰҚҚ Шекара Қызметінің Жағалау Күзеті Өңірлік Басқармасы, «Каспий теңіз тренинг орталығы», «Каспиан Мейнпорт Актау» ЖШС, «Болашақ» Колледжі, 29011 әскери бөлімі өкілдері және «Қазақстанның Көлік және коммуникациялары» ғылыми-өндірістік журналының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов ашып, Ш. Есенов атындағы КМТИУ-да «Теңіз кадрларын дайындаудың дамуымен келешегі туралы» және жеткен жетістіктер мен осы күнгі жағдайды баян етті, оған қоса Қазақстан Республикасының Халықаралық Теңіз Ұйымының «Ақ тізіміне» енбеуіне байланысты студенттерді сертификаттаудың қиыншылықтары жөнінде айтып өтті.
Қызу пікірталас нәтижесінде, Кеме жүргізу компаниялары студенттерімізге жүзу тәжірибелеріне қол ұшын беруге оң ниеттерін білдірді.