29 наурыз күні «AMANAT» партиясы жанындағы«Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясын өткізді. Шараның өзектілігі мен мақсаты туралы студенттерге және бұқаралық ақпарат көздеріне “Jas Otan” ЖҚ төрағасы Марат Абзал Ғабитұлы түсіндіріп өтті.
Акция Yessenov University студенттері арасында жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін және бар-жоғын анықтау бойынша сауалнама негізінде іске асырылды.
Сауалнама жүргізу бойынша жұмыс тобына жастар қанатының төрағасы, “Маңғыстау-Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілі, Қоғам белсенділері қатысты.
Сауалнама жүргізу, ол еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тетіктерін пайдаланудың нақты жай-күйін көрсететін ресми статистикалық ақпарат алу мақсатында ұйымдастырылады. Зерттеу анонимді сауалнама әдісімен жүзеге асырылды.