«Базалық» факультеттің «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары Бисингалиева И.В., Перекеева А.А., Толепбергенова А.Б., ұйымдастыруымен cтуденттерді жобалық жұмысқа дайындау барысында «Менеджмент», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Электроэнергетика» топтарының бірінші курс студенттері үшін «Көшбасшы қасиеттері» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – студенттерге көшбасшылық қасиеттерді түсіндіре отырып, көшбасшылықты студенттер бойына қалыптастыру. Тренинг барысында студенттер 4 топқа бөлініп, әр қайсысы көшбасшының басында қандай қасиеттер болу керектігі жайлы талқылады. Студенттер көшбасшылық қасиеттердің қандай болатынын, іс–әрекеттері арқылы көрсетті. Көрермендер арасынан әділ қазылар таңдалып, топтардың іс әрекетіне баға берілді. Топтар арасында көшбасшының маңызды қасиеттеріне байланысты ойын өткізілді. Ойынның соңында студенттердің қандай әсерде болғандығы талқыланды. Қорытындылай келе, студенттер мен оқытушылар шеңберге тұрып, кері байланыс жасады.