ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМ КЕСЕЛІ

2022 жылдың 6 желтоқсанда Yessenov  University мен Маңғыстау облыстық соты арасындағы меморандум аясында Ақтау қаласының 2 сотының судьялары Р.Ш.Ержанова және Қ.М.Сейтова   “Тұрмыстық Зорлық-зомбылық қоғам кеселі” тақырыбында Бизнес және құқық” факультеті “Құқықтану” кафедрасының  білім алушы жастарымен  кездесу өтті.

 

Шараның мақсаты: Зорлық-зомбылықты жою, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік  қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық  бағытта әлеуметтік қызметтер көрсетіліп жатқаны баяндалды.

 

Шараға қатысқан білім алушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.