Өткізу мерзімі: 29 сәуір 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., Yessenov University, 32 ш.а.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Негізгі мақсаты: геология, гидрогеология мен мұнай-газ өндіру саласындағы жаңа әзірлемелермен танысу, ақпаратты алу, өңдеу және практикалық пайдалану, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, су көзін табу мен қайта пайдаланудың экологиялық және экономикалық тиімділікті негіздеу тәжірибесімен алмасу мүмкіндігі.
Міндеттер:
1. Гидрогеология және тұщы сумен қамтылу бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау;
2. Сапалы экономикалық өсуді, отын-энергетика кешені мен мұнайгаз, геология ғылымын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған өзекті проблемалар бойынша мәселелерді талқылау;
3. Каспий өңірінің экологиялық проблемаларын шешу. Жасыл технологиялар, инновациялар және қол жетімді энергия.
4. Өндірістік процестерді жетілдіру және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында геология, мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, сонымен қатар құрылыс, тасымал мен IT саласындағы өзекті ақпаратпен, ғылыми біліммен және практикалық тәжірибемен алмасу.
«Қиын өндірілетін көмірсутекті кен орындарды игерудің геологиялық және технологиялық аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияның жұмысы келесі бағыттарда жүргізілетін болады:
1. Мұнайгаз іздеу-барлау және өндіру жұмыстарының экологиялық және гидрогеологиялық аспектілері;
2. Мұнай-газ саласының техникалық аспектілері мен ақпараттық технологиялары
Конференция бағдарламасы:
1000 –1100 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырыс
1100 – 1230 – Секциялық отырыс
1230 – 1300 – Қорытынды шығару. Конференцияның жабылуы
Түскен материалдар электронды жинаққа енгізіледі. Электронды нұсқадағы баяндамалар мәтіндері, ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері (2000 теңге көлемінде) 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін (қоса алғанда) электрондық пошта ryskol.bayamirova@yu.edu.kz арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7292)41-76-86.
СІЗДІҢ ҚАТЫСУЫҢЫЗҒА ҚУАНЫШТЫМЫЗ!
Баяндамалар электрондық нысанда (электрондық пошта арқылы) doc немесе rtf кеңейтуімен файл түрінде ұсынылады. Баяндамалар бар файл – бірінші автордың тегі бойынша (мысалы, IGCE.doc; Ivanov.doc).
Жарияланатын материал: міндетті түрде ӘОЖ, аңдатпа, түйінді сөздер, мәтін Word 6.0 редакторында терілуі тиіс, парақ форматы – А4, шрифт Times New Roman Cyr, әріптер өлшемі 12, барлық жағынан 2,5 см.
Аңдатпа мәтіннің басында мақала көрсетілген тілде беріледі (40-50 сөз). Аңдатпа ғылыми шығарманың тақырыбы мен құрылымы туралы жалпылама түсінік беретін қысқаша мазмұндама болып табылады.
Түйінді сөздер мақала мазмұнын барынша толық ашуды қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты материал үшін 5-6 түйінді сөзді олардың маңыздылығы бойынша қойыңыз, яғни мақаланың ең маңызды сөзі тізімде бірінші болуы тиіс.
Баяндаманың атауы: бас әріптермен, орталықтанған; авторлары: тегі және аты – жөні (титулдары көрсетілмейді), ведомстволық тиістілігі көрсетілген ұйымның толық атауы- орталықтанған. Мәтін ені бойынша тураланады; интервал бір; абзацтық шығыңқы – 1,5 см. Мәтін баяндама қалпынан бір бос жолдан бөлінген. Баяндама көлемі– 8 беттен артық емес.
Иллюстрациялар: суреттер, фотосуреттер және кестелер мәтінге енгізілуі тиіс. Суреттер мен фотосуреттерге қойылған қолдар олардың астында бір интервал өткізілгеннен кейін орналастырылады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ортасында, суреттер нөмірленеді (мысалы: 3-Сурет. Уақытпен жүйенің жай-күйінің өзгеруі). Кестелер Word редакторының құралдарымен басылады. Кестелердің атаулары кестенің үстінде орналасады, көлемі 12 pt әдеттегі шрифтпен басылады, ені бойынша туралау, кестелер нөмірленеді (мысалы: 2 – Кесте. Үлгі параметрлерінің мәндері).
Формулалар: Microsoft Equation формулаларының редакторында орындалады (айнымалылар курсивтік сызуға ие, өлшемдері: кәдімгі – 12 pt, ірі индекс – 10 pt, ұсақ индекс – 7 pt, ірі таңба – 22 pt, ұсақ таңба – 12 pt), абзацтық шегініс – жоқ, туралау-беттің ортасында, қажет болған жағдайда формулалар оң жағында нөмірленеді. Белгілеулердің мағынасын ашу формуладан кейін орналастырылады, абзац шегінісі-жоқ.
Әдебиетке сілтемелерді төртбұрышты жақшада [1, 2] мәтіндегі дәйексөз ретінше көрсету керек.
Әдебиеттер тізімі мәтін соңында орналастырылады және бос жолмен бөлінеді. “ӘДЕБИЕТ” тақырыбынан кейінжолды өткізу, тақырыбы орталықтанған, қалың қаріп – 12 pt. Әдебиеттер тізімінде авторлардың аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетіледі. Монографиялар үшін қала, баспа, жыл, беттер саны; журнал мақалалары үшін – журнал атауы, жылы, том, нөмірі (шығарылымы), беттері; жинақтардағы мақалалар үшін – жинақтың атауы, қаласы, баспасы, жылы, беттері; электронды ақпарат көздері үшін – тиісті сайтқа сілтеме, 3-тен артық емес.
БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 СӘУІР 2020 Ж. АЯҚТАЛАДЫ
МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
130003, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан., №2 оқу ғимараты, “Инжиниринг” факультеті» “Мұнайгаз инжиниринг”, “Геология” кафедралары , 401, 408 кабинет,
анықтама үшін телефон: +7(7292)41-76-86, +7 701 645 42 12,
сайт: http://yu.edu.kz/
электрондық пошта: ryskol.bayamirova@yu.edu.kz
ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ
Ұйымдастыру жарнасын төлеу мынадай деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қабылданады: ШЖҚ РМК “Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті” Ақтау қ.32ш.а.
БИН: 930 640 000 430
ИИК: KZ11826R0KZTD2002941
БИК: ALMNKZKA
КБе: 16
«АТФбанк» АҚ МФ
Ұйымдастыру комитеті