«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану» және «Құрылыс» мамандықтарының студенттерінің арасында «Салт- дәстүр – асыл қазынамыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру. Студенттер тақырып аясындағы белсенді қатысып, салт- дәстүріміздің қазіргі мәдениеттегі мәні мен маңызын жан-жақты қарастырды.