6 ақпан күні Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жалғастырды. Yessenov University өкілдері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет ректоры Гаухар Ахметовамен және университет ұжымымен кездесіп, материалдық-техникалық базасымен танысты. Одан әрі университет проректорлары мен декандары өздерінің жұмыс бағыттары бойынша әріптестерімен тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнату, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға бірлесіп қатысу, студенттік кәсіпкерлікті дамыту, білім беру бағдарламаларымен алмасу, магистранттарды өзара өндірістік практикадан өткізу мәселелері талқыланып, екі университет арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы меморандумға қол қойылды.