5 қыркүйек күні университет Президенті Б. Ахметов университеттің вице-президенттерімен және факультет декандарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Берік Бақытжанұлы Yessenov University профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде ерікті түрде бір күндік жалақыларын аудара алатындығын жеткізді.