17 қазан күні сағат 16:00-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы және Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназаровамен кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!