Yessenov University ұжымы 9-мамыр-Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Асан Аймағамбетовты құттықтады.
Асан Аймағамбетов соғысқа 17 жасында 1942 жылы шақырылды. Молдавияны, Польшаны босату үшін шайқасқа қатысып, Берлинге дейін жетті. Әскери операциялар үшін ІІ дәрежелі «Даңқ ордені», І дәрежелі «Отан соғысы», «Берлинді алғаны үшін» медалімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Иосиф Сталиннің алғыс хатымен және басқа көптеген марапаттармен марапатталды.
Университет басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық тілеп, мерекелік сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде ардагер университет ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыс тілегін айтты.