2018 жылдың 18 қаңтарда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың профессорлық -оқытушылар құрамына қызметтік тұрғын-үй табысталды.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов, ҚР Білім және Ғылым министрі Е.К. Сағадиев, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері, облыс жұртшылығы қатысты.
Білім мен ғылым, технология дамыған заманда әлеуметтік сала мамандарының әлеуетін арттыру – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұстаздық салаға үлкен көңіл бөлініп, 2017 жылдың өзінде мұғалім жалақысы сатылай түрде 29 %-ға жоғарылады.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ аталмыш нысанға – 550 млн.теңге көлемінде қаржы бөлді. Аталмыш нысан жобасы бір, екі,үш бөлмелі 75 пәтерден тұрады.
Қызметтік пәтерге қол жеткізушілер – Ш.Есенов атындағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылым кандидаттары, профессорлар,қызметкерлер.
Шараның екінші жартысында Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжановтың, ҚР Білім және Ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің қатысуымен Университеттің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында профессорлық- оқытушылар құрамымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Білім және Ғылым министрі Е.К. Сағадиев білім, ғылым саласының алдындағы міндеттер мен жоспарларға тоқталды.
ҚР Білім және Ғылым министрлігінік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы Г.І. Көбенова министрлікте дайындалып жатқан заңнамалық құжаттар туралы айтты.
Университет ректоры Б.Б. Ахметов университетің алдағы стратегиялық жоспарларын айқындап, университеттің ғылыми кеңесінде жаңа қабылданған «Yessenov University» брендімен таныстырды.