2021-2023 ж.ж. арналған мектептердің білім сапасын көтеру мақсатындағы Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Yessenov University біріккен кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында 04.03.2021 күні «Ғылым және технологиялар», «Туризм және тілдер» факультеттерінің және Білім беру мектебінің профессор-оқытушы құрамы Ақтау қаласындағы С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясы және Мұнайлы ауданындағы № 12 жалпы білім беретін мектеп бойынша физика, математика, информатика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінің бірлестік жетекшілерімен және әкімшілік құрамымен кездесті. Кездесуде аталған мектептер бойынша пән мұғалімдеріне тәлімгерлік жұмыстарының жоспары талқыланып, ұйымдастырылу жолдары қарастырылды.