21 – 22 сәуір аралығында Атырау қаласында екінші Халықаралық «Atyrau International Petroleum Olympiads» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан және Ресейдің 8 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты. Олар арнайы тренажер-имитататорларда зертханалық жұмыстарды орындай отырып, әртүрлі күрделі теориялық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін TCO, NCOC, Schlumberger және басқа ірі компаниялардың жетекші мамандары бағалады. Бұл олимпиадаға университетіміздің «Мұнай және газ» факультетінің, «Yessenov University SPE student chapter» ұйымының студенттері Асхатов М., Есжанова А., Алдабергенова Ә. және Сақыпжан Е. қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Асхатов М. тобы 1 – орынға және Алдабергенова Ә. тобы 2 – орынға ие болды. Олимпиада жүлдегерлері алдағы уақытта еліміздің ірі мұнай кенорындарында 1 ай мерзімде тағылымдамадан өтетін болады.