24 қараша күні Yessenov Unversity мен Маңғыстау облысының Полиция департаменті арасындағы меморондум аясында «Бизнес жəне құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенттері «Криминалистика» пəнінен зертханалық тəжірибені Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалистика зертханасында өтті.
Сабақтың мақсаты студенттерге қылмыстарды тергеудің жеке криминалистикалық əдістемесінің дербес элементі, криминалистикалық техникамен тəжірибелік тұрғыда таныстыру.
Зертханалық тəжірибе барысында Ақтау қалалық полиция басқармасының басшысы Омаров М.Т., студенттерге Полиция қызметінде криминалистика саланың қылмысты дереу ашылуына ерекше орын алатынын жеткізді.
Жедел криминалистика бөлімінің басшысы полиция майоры Танбаев Р.М., студенттермен жүздесуінде криминалистика зертханасында қолданылатын қажетті техникамен қамтамасыз етілген чемодан, фотоаппарат жəне қылмыстарды тергеудің жеке
криминалистикалық əдістемесімен таныстырды.
Студенттер криминалистикалық зертхана бойынша толыққанды мəліметтер алды.