«Жастар жылы» аясында Yessenov University Инжиниринг факультетінің техникалық мамандықтары үшін «КазТрансОйл» АҚ арасында білімді және әлеуметтік аз қамтылған отбасылары студенттерін қолдау мақсатында келісім шарт жасалды. «КазТрансОйл» АҚ басшылары студенттермен кездесіп, оларға болашақ маман ретінде үміттерін және қолдауларын ұсынды. Келісім шарт бойынша студенттер ақысы төленетін жазғы өндірістік тәжірибеден өтеді, теориялық білімдерін шыңдап, болашақта бітірушілік жұмыстарына бағыт алады. Сонымен қатар бұл жас мамандардың жұмыспен қамтылу мүмкіншілігін де арттырады.