Онлайн конференциясының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
– Каспий елдерімен қаржы-экономикалық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық;
– Каспий маңы мемлекеттері ұстанымы үшін Каспий аймағының құқықтық мәртебесі;
– Каспий аймағы: туризм, логистика және экономиканың даму перспективалары.
Халықаралық онлайн конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, республика ЖОО-ның ғалымдары, сонымен қоса жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары Himmet Karadal – Bolu Abant Izzet Baysal университетінің (Түркия) профессоры; Jalal Malakootifar – «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Вена университетінің түлегі (Австрия) (Ислам республикасы Иран); Тургаева А.А. – Астрахан Мемлекеттік техникалық университетінің доценті (Ресей); Dababrata Chowdhury – Sufflok университетінің (Ұлыбритания) профессоры қатысты.