Dormitory

Graduates

Online payment

Quick facts

News

19.06.2025

📣2025 жылғы 19 маусым күні беделді халықаралық рейтинг агенттігі QS (Quacquarelli Symonds) әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — QS World University Rankings 2026 нәтижелерін жариялады. Бұл рейтингке әлемдегі шамамен 30 000 университеттің ішінен 8567 университет қатысып, тек 1501 ЖОО ғана жаһандық тізімге енді. Биыл рейтингке 112 жаңа университет қосылды, оның үшеуі — Қазақстаннан📊🌎 Yessenov University алғаш рет осы жаһандық рейтингке еніп, 1201–1400 деңгейіндегі орынға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстаннан рейтингке енген 20 университеттің арасында 15-орынды иеленді. Бұл — аймақтық университеттің халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті екенін көрсететін маңызды көрсеткіш📈 QS жаһандық рейтингіне ену — бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар стратегиялық маңызы бар жаңа даму кезеңінің бастамасы. Бұл — инновацияға, халықаралық ықпалдастыққа және орнықты дамуға негізделген Yessenov University-дің даму стратегиясының нақты нәтижесі💎 Yessenov University ұжымын және студенттерін осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл халықаралық мойындау университеттің жаңа белестерге бет алғанының жарқын дәлелі!💙 ____________________________________________ 📣19 июня 2025 года авторитетное международное рейтинговое агентство QS (Quacquarelli Symonds) опубликовало результаты QS World University Rankings 2026 — одного из самых престижных мировых рейтингов высших учебных заведений. Из 30 000 университетов мира в исследовании приняли участие 8567, и только 1501 из них вошли в итоговый список. В этом году рейтинг пополнился 112 новыми университетами, включая три вуза из Казахстана📊🌎 Yessenov University впервые вошёл в данный рейтинг, заняв позицию в диапазоне 1201–1400, и расположился на 15-м месте среди 20 казахстанских вузов, вошедших в глобальный список. Это достижение подтверждает высокий уровень конкурентоспособности регионального университета на международной арене📈 Вхождение в глобальный рейтинг QS — это не только признание достигнутых результатов, но и стратегически важный этап развития университета. Это убедительное подтверждение эффективности выбранного курса на инновации, международную интеграцию и устойчивое развитие💎 Поздравляем коллектив и студентов Yessenov University с этим историческим достижением! Пусть международное признание станет прочной основой для новых научных высот, академических побед и стратегических партнёрств!💙 #yessenovuniversity

17.06.2025

🔉13-14 маусым күндері Yessenov University-де «Әзірбайжан мен Қазақстан: Конституция және Егемендік жылындағы байланыстарды нығайту» атты Бірінші Әзірбайжан-Қазақстан жазғы жастар мектебі сәтті өтті🇰🇿🇦🇿 Бұл маңызды шараны «Әзірбайжан орталығы» қоғамдық қоры Әзірбайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп, Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы мен Есенов университетінің қолдауымен ұйымдастырды. Жазғы мектеп Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды қадам болды✅ Әзірбайжаннан, Қазақстаннан және басқа да түркі әлемі елдерінен келген 40 студент конституциялық құрылыс, егемендік тарихы және мәдениетаралық диалог саласында тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие болды🌐 Жазғы мектептің бай бағдарламасына семинарлар, тренингтер, Әбіш Кекілбаев атындағы музейге бару және теңіз экскурсиясы кірді, бұл қатысушыларға екі елдің тарихын, мәдениетін және қоғамдық өмірін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді💎 Салтанатты жабылу рәсімі Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстанның бас консулдарының қатысуымен өтті, бұл іс-шараның жоғары деңгейін көрсетті. Сертификаттар табысталғаннан кейін қонақтарды әзербайжан әншісі Рафаэльдің өнері күтті🎶 ________________________________________ 🔉13-14 июня в Yessenov University прошла Первая Азербайджано-Казахстанская Молодежная Летняя школа «Азербайджан и Казахстан: укрепление связей в год Конституции и Суверенитета»🇰🇿🇦🇿 Организаторами этого важного мероприятия выступили Общественный Фонд «Азербайджанский Центр» совместно с Государственным комитетом Азербайджанской Республики по работе с диаспорой, при поддержке Генерального консульства Азербайджанской Республики в городе Актау и Yessenov University. Летняя школа стала значимым шагом в укреплении двусторонних отношений между Азербайджаном и Казахстаном✅ 40 слушателей из Азербайджана, Казахстана и других стран Тюркского мира получили уникальную возможность обменяться опытом и знаниями в области конституционного строительства, истории суверенитета и межкультурного диалога🌐 Насыщенная программа Летней школы включала семинары, тренинги, посещение музея имени Абиша Кекильбаева и морскую экскурсию, позволив участникам глубже понять историю, культуру и общественную жизнь двух стран💎 Торжественная церемония закрытия прошла с участием генеральных консулов Азербайджана, Турции, Узбекистана и Туркменистана. После вручения сертификатов гостей ждало выступление азербайджанского певца Рафаэля🎶 #yessenovuniversity

11.06.2025

🔉10 маусым күні Yessenov University-де Қазақ-Неміс Тұрақты Инжиниринг Институты (KINI), Алматы қаласындағы Қазақ-Неміс Университеті (DKU) және Yessenov University өкілдерінің кеңейтілген бірлескен отырысы өтті🇰🇿🇩🇪 Жиынға KINI құрылтайшылары — Yessenov University Президенті Берік Ахметов пен DKU Президенті Волрад Роммель төрағалық етті🔖 Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды: бакалавриат және магистратура деңгейіндегі қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту, KINI-дің операциялық міндеттері мен өсу перспективалары, университеттердің өзара ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған стратегиялық бастамалар🌍 Бұл кездесу жоғары білім берудің сапасын арттыру және академиялық серіктестікті нығайту жолында маңызды қадам болып табылады🌐 ____________________________________________ 🔉10 июня в Yessenov University состоялось расширенное совместное заседание представителей Казахско-Немецкого института устойчивой инженерии (KINI), Казахстанско-Немецкого университета в Алматы (DKU) и Yessenov University🇰🇿🇩🇪 Заседание прошло под председательством учредителей KINI — Президента Yessenov University Берика Ахметова и Президента DKU Волрада Роммеля🔖 Основные вопросы заседания: развитие двудипломных образовательных программ на уровнях бакалавриата и магистратуры, операционные задачи и перспективы роста KINI, стратегические направления расширения межуниверситетского сотрудничества🌍 Данное заседание стало значимым шагом на пути укрепления академического партнёрства и продвижения инновационных моделей высшего образования🌐 #yessenovuniversity

Go with us. Come to Mangystau, go to Yessenov University!