Университетімізде «Ұлттық құндылықтардың тілдік-әдеби аспектілері – рухани жаңғыру контексінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияның басында Yessenov University ректоры Берік Ахметов пен Тонмен университетінің Президенті Хонг Сав Жанг қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша келісім-шартқа қол қойды.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Баку мемлекеттік университетінің профессоры Р.Аскер, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалым хатшысы А.Фазылжанова, Yessenov University профессоры Б.Нұрдәулетова, «Өрлеу» АҚ Маңғыстау филиалының қызметкері Қ.Ванов, Өңірлік жобалар офисінің басшысы Г.Азан баяндамалар жасады.
Конференция соңында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы бойынша жарық көрген 17 оқулықтың таныстырылымы өтті.