Хабарландыру

«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, 32 шағынаудан мекенжайында орналасқан «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президент-ректоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Байқауға келесі тұлғалар жіберілмейді:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға келесі құжаттар қағаз және электрондық түрде ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларын салыстырып тексеру үшін көшірмелеріне қоса түпнұсқаларын ұсыну

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментіне (каб. 643) жіберу керек, телефон: 8 (7172) 74-27-25, 74-25-22, m.izbasar@edu.gov.kz.