ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТІ

2021 оқу жылынан бастап болашақта «Маңғыстау тулғалары» сериясын шығаруды бастайды. Ғылыми бағыт аясында баспаға ғылыми және публицистикалық монографиялар дайындалады, оның ішінде: Бекет Ата, Жалау Мыңбаев, Нұрмұқан Жантөрин, Әбіш Кекілбаев, Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, Ш.Есенов т.б.

Зерттеу Институтының мақсаты – Маңғыстау облысы аумағындағы тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу, өлкетану, әдебиеттану, археология мен этнография бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізу, мәдени құндылықтарды құру, жаңғырту, сақтау және тарату, сондай-ақ халықты олармен таныстыру.

Институт қызметкерлері ғылыми зерттеулермен, жинақталған деректерді зерделеумен, қор жинауымен, аймақтағы этнографиялық экспедициялар ұйымдастырумен, әртүрлі тақырыпта көрмелер мен экспозициялар әзірлеумен, танымдық және мәдени шаралар мен сабақтарды өткізумен, этнографтармен, экологтармен, геологтармен, зергерлермен кездесулер ұйымдастыру, сонымен бірге дөңгелек стол, семинар, республикалық ғылыми-практикалық және халықаралық конференциялар өткізу. Қызметкерлермен ғалымдардың зерттеулерінің жарияланған мақалалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.