Yessenov University студенттері «ЭкоМангистау» ҚБ, «Expo and woman» ұйымы және Ақтау қаласының басқа да ұйымдарымен бірлескен «Let’s do it world» шарасына қатысты. Студенттер тек қала территориясын ғана жинап қоймай, сонымен қатар «Бизнес және құқық» факультетінің Халықаралық қатынастар және Туризм мамандықтарының 2-4 курс студенттері «Голубая бухта» демалыс аймағына барды. Студенттер қолтық жағажай территориясын екі сағаттан астам уақытта көп көлемде қоқыс жинады. Сонымен қатар студенттер жыл сайын осы шараға қатысқысы келетінін жеткізді.