«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы жастары YESSENOV UNIVERSITY –дің белсенді студенттерімен кездесті.
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Әсет Арзен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар форумында айтылған мүмкіншіліктер туралы түсінік берді. Алдағы уақытта Стартап жобаға белсенді түрде қатысуға және өз білімдерін, біліктілік пен шығармашылықтарын жаңа креативті идеялар мен инновацияларды ойлап табуға шақырды.