Мақсаты: инженерлік жүйелерді, желілер мен жабдықтарды жобалау және пайдалану саласында қабілеттілікті қалыптастыру.
Пән өнеркәсіптік кәсіпорындардың жағымсыз әсерін төмендету үшін әртүрлі жүйелердің тораптары мен элементтерін басқаруда, сондай-ақ қызмет етуде алынған білімді шебер пайдалануға бағытталған.
Қысқаша мазмұны: жылумен жабдықтау және желдету. Елді мекендер мен кәсіпорындарды газбен жабдықтау. Сумен жабдықтау.
Курс соңында студент
– өнеркәсіптік жағдайлар мен нақты табиғи – географиялық кешендер үшін инженерлік жүйелердің оңтайлы нұсқаларын таңдауды ұйымдастырады, жабдықтар мен конструктивтік элементтерді ұтымды жобалауды жүзеге асыруды, жалпы инженерлік шешімдер мен сәулет – құрылыс жобалау нұсқаларын байланыстыруды анықтайды;
-нақты табиғи-географиялық жағдайлар мен өндірістік кешендер үшін инженерлік жүйелердің оңтайлы нұсқаларын таңдау және қабылдау, конструктивтік элементтер мен жабдықтарды тиімді жоспарлауды жүзеге асыру;
– белгіленген талаптарға сәйкес инженерлік желілер мен құрылыстардың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындауды ұсынады;
– еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесін зерделеуде коммуникативтік дағдыларды көрсетеді.