Пәннің мақсаты деректер қорын жасау және олармен жұмыс істеу принциптерін үйрету және ақпараттық жүйелерде жобалау дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсында деректер қорын құру принциптері, деректер қорын басқару жүйелері, деректер қорын бағдарламалаудың кіріктірілген құралдары, деректер қорының серверлері, ақпараттық жүйені ұйымдастыру, деректер қорын өңдеу тақырыптары қамтылған. Пән SQL тілінде қосымшаларды әзірлеуге бағытталған.
деректер қорын жобалау туралы жалпы мәліметтерді, деректер қорының жіктелуін, реляциялық деректер қорының мәліметтерін, деректер қорын құру әдістерін және әр түрлі тәсілдерін атайды; барлық қажетті ақпаратты сақтауды, сұраныстар бойынша деректерді алуды, деректер базасының тұтастығын қамтамасыз етуді қолданады; деректер қорын құру және ақпараттық жүйелерді жобалауда жұмыс істеу ортасына қажетті қолданбалы программалар пакетін анықтайды; деректер базасының жұмыс істеуіне, сүйемелдеуіне және модификациясына талдау жүргізуді, коммерциялық деректер базасы бойынша жобалық құжаттаманы рәсімдеуді ұйымдастыруды ұсынады; объектілердің модельдерін қалыптастыру жобаларын, компьютерлік жобалау мен модельдеудің заманауи жүйелерін бағалай алады.