B29.003

Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы 1

Course ID
B29.003
Campus
24 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
6
Credit
6
Method

Мазмұны

Пән көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы саласындағы негізгі ғылыми – техникалық мәселелерді және даму перспективаларын зерттеуге, ассоциативті инженерлік химиядағы технологиялық ойлауды және тапқырлықты дамытуға бағытталған.
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы дамуының тарихы, негізгі бағыттары және перспективалары. Көмірсутектер түзілуінің қазіргі түсінігі. Мұнай мен газдарды өңдеуге дайындау технологиясы. Газдарды өңдеу технологиясы. Мұнайды бастапқы айдау қондырғыларының технологиялық жүйелері. Мұнай өңдеудің экологиялық мәселелері.

Оқыту нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студент:
– маңызды химиялық өндірістер, көмірсутек шикізатын өңдеу процестерінің физика-химиялық негіздерін сипаттайды;
– қалдық мұнай өнімдерін ұтымды қолдану үшін мұнайды өңдеу процестерінің жай-күйі мен даму перспективаларын бағалайды; технологиялық міндеттерді шешеді, Химиялық өндірістердің жабдықтары мен қондырғыларын, процестердің материалдық және жылу баланстарын есептеуді жүргізеді;
– процестің технологиялық сызбасын жобалайды;
– көмірсутек шикізатын өндіру мен өңдеудің химиялық технологиясы саласындағы даму перспективаларын бағалайды,
– шешу тәсілдерін таңдау мен сан алуандығын болжайтын технология міндеттерін шешуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.