Пәннің мақсаты студенттерді құрылымдық геология негіздерімен таныстыру. Пәннің мақсаты: геологиялық, тектоникалық және құрылымдық карталарды, геологиялық тіліктер мен блок-диаграммаларды, стратиграфиялық колонкаларды құрастыру және оқу әдістерінің негізгі дағдыларын қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: Жер қабатындағы тау жыныстарының жату формалары, олардың пайда болуы; шөгінді жыныстардың жату формалары және қабаттық шөгінді қабаттардың құрылысы.
ауданның геологиялық, тектоникалық құрылысын және ауданның геологиялық даму тарихын түсінуді сипаттайды; құрылымдық карта мен геологиялық тілікті құрастырады; геологиялық карталар мен тіліктерде бүктемелі пішіндер мен жыртылатын дислокацияларды бейнелейді; құрылымдық-геологиялық ақпараттарды жинақтайды;