Мақсаты: халықтың денсаулығына қоршаған ортаның табиғи, антропогендік, техногендік және әлеуметтік факторларының әсерін зерттейді
Міндеті: қоршаған орта факторларының тірі организмдерге әсерін, қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларының адам ағзасына әсері, ластану түрлерін зерттеу.
Қысқаша мазмұны: Экологиялық эпидемиология бағыттары. Экологиялық эпидемиология негіздері. Жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиясы.
– эдемиялық, пандемиялық процестердің механизмдерін; инфекциялық және паразиттік жүйелерді; инфекция қоздырғыштарының берілу механизмдері мен жолдарын сипаттайды;
– атмосфералық ауа, ауыз су және топырақ сапасына қатысты негізгі заңнамалық және нормативтік құжаттар; атмосфералық ауа мен тұрғын үй-жайлардың ауасының, судың, топырақтың және азық-түлік өнімдерінің ластану көздері туралы; денсаулық пен экологиялық қауіп-қатердің негізгі ұғымдары, қауіп-қатерді басқару туралы ақпаратты талқылайды;
– эпидемиялық, пандемиялық процестердің механизмдерін; инфекциялық және паразиттік жүйелерді; инфекция қоздырғыштарының берілу механизмдері мен жолдарын түсіндіреді;
– халықтың денсаулығына ластаушы заттардың әсер ету дәрежесін анықтайды.